Нұрай Серікбайды қорлаған пікір иесіне қатысты полицияға арыз түсті

14.07.2026 14:37 Әсел МҰРАТ
 Нұрай Серікбайды қорлаған пікір иесіне қатысты полицияға арыз түсті
143
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Нұрай Серікбайдың атына қорлайтын пікір қалдырған қолданушыны анықтап, жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына ресми арыз берілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы заңгер Аянхан Омаров Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Оның сөзінше, Instagram-да Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты жарияланған жазбаның астына әдепсіз әрі қорлайтын пікір қалдырған аккаунт иесін анықтау мақсатында ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментіне ресми өтініш жолданған.

«Instagram-дағы Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты қорлайтын пікір қалдырған аккаунт иесін анықтау және заң аясында жауапқа тарту туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментіне ресми арыз жолданды. Әлеуметтік желідегі анонимділік жауапкершіліктен босатпайды.Заң бәріне ортақ», – деп жазды заңгер.

Еске салайық, бұған дейін Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу толық аяқталғаны, қазіргі таңда тараптардың іс материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатқаны хабарланған болатын.
Адвокат Нұрайдың ісі бойынша сот отырысын тікелей эфирде өткізілуін талап ететін жазған еді.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий