Нұрлан Еспанов келінінен ұялып жүргенін айтты

Нұрлан Еспанов келінінен ұялып жүргенін айтты
Фото: instagram.com/espanov_n

Жуырда ғана ұлын үйлендірген Нұрлан Еспанов "Жетінші арнаның" YouTube арнасына берген сұқбатында келінді болған қалай екенін айтып, тойдың қызықтарын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Адамның өзі көңілді жүру керек қой тойда. Өзің көңілді жүрсең, ешқашан өзгеге өкпелемейсің. Сенің өкпең кімге керек? Құдайға шүкір, барлық қонақтар келді. Кейбір достарым келе алмай қалған болды. Бірақ ешкімге ренішім жоқ", – деп ағынан жарылды Нұрлан Еспанов.

Әнші келінінен қысылып жүргенін жасырмады. 

"Ұялып жүрміз. Ұялу керек. Келін жақсы енді. Біз көпшіл адамбыз. Біздің үйде адам көп пе, аз ба, білінбейді", – деді Нұрлан Еспанов.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу