Нұрлан имам әйелінің қанағатшыл екенін айтып мақтанды
TikTok арқылы танымал болған имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы көп әйел алуға қатысты пікір білдірді.
Дін өкілі «Сырласу» бағдарламасында қонақ болып, некелескен жарын жиі қуантқысы келетінін жасырмады.
“Әйелім қымбат сыйлық сыйлағанымды ұнатпайды. Бірде сыйлаған едім қатты ұрысып берді. Ол кісі өте қарапайым. Сондықтан әйеліме Tiffany сыйламаймын. Әйелің қанағатшыл болса, дүниенің басы құралады екен. Жар таңдаудан жолым болды”, – деді имам.
Одан кейін қоғамда қызу талқыланатын көп әйелу алуға қатысты да жеке көзқарасын білдірді.
“Көп әйел алуды қолдамаймын. Ондай әңгімені жақтырмаймын. Көп әйел алып, жылатып жүрген еркектер қаншама?! Көп әйелдің бірі болып, жылап жүрген қыз-келіншек қаншама?! Әділеттілік болуы керек. Құранда да айтылған. Әйелдің ішінде жарылмай жүрген өкпе-реніші болады. Сен тоқал алғың келе ме, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол. Көп еркек осы сөзбен келіспейді”, – деп ой бөлісті теолог.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
13:23
"Құдай сақтасын": Айдана Меденова күйеуімен ажы...
03.11.2026
12:21
Еліміздің ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден ...
03.11.2026
11:24
Тоқаев Жоғары сот кеңесінің хатшысын қызметінен...
03.11.2026
11:16
Қостанайда 86 жастағы зейнеткерді өлтіріп кетті
03.11.2026
10:37
"Кез келген өзгеріске дайынмын": Дариға Бадықов...
03.11.2026
10:23
Наташа Қалымбетова ДНҚ сараптамасының нәтижесін...