Еліміздің ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден өтті

Еліміздің ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден өтті
Фото: Жаңаарқа ауданы әкімдігі

Еліміздің ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева 116 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігі жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қызылжар ауылының тұрғыны 116 жасқа қараған шағында өмірден өткен Түймегүл Темірбаеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, талай тарихи кезеңнің куәсі болған Түймегүл әжеміздің жарқын бейнесі оны таныған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Түймегүл Темірбаева 1910 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Байқадам ауданында дүниеге келген. 22 жасында Аязбай Темірбаевпен шаңырақ көтеріп, көп ұзамай жұбайымен бірге Жаңаарқа ауданына қоныс аударған. Содан бері осы өңірде 90 жылдан астам уақыт ғұмыр кешті.

Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп өсірді. Түймегүл апа 15 немере, 25 шөбере сүйіп, үлкен әулеттің ардақты анасына айналды. Жұбайы да ұзақ ғұмыр кешіп, 96 жасында өмірден өткен.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу