«Оған ауыр сөздер жазады, қорлайды»: Қайрат Нұртастың қызына қатысты кибербуллинг ісімен Оқу-ағарту министрлігі айналысады
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі танымал әнші Қайрат Нұртастың қызына қатысты кибербуллинг ісімен айналысады. Бұл туралы журналист және тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Динара Сәтжан жариялаған бейнежазбада Қайрат Нұртастың қызы - Алау үнемі кибербуллингке ұшырап жүргені айтылады.
«Міне, менің ойымша, бұл нағыз кибербуллинг. Мен Алауды танимын, өте жақсы қыз. Қайрат Нұртастың қызы болу оңай емес қой, ол әлеуметтік желілерде белсенді, мен оның жиі жылайтынын көремін, оған ауыр сөздер жазады, қорлайды, ал адамдар бұны өздеріне рұқсат деп ойлайды», – деді Динара Сәтжан.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, ол бұл іспен айналыспақ. Ол кәмелетке толмаған қызға тіл тигізген адамдардың жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін атап өтті. Мұндай әрекеттер үшін 10 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған, ал ауыр салдарға әкелсе – қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Комитет басшысы сондай-ақ осындай жағдайлар бойынша шағымдарды «111» нөміріне хабарлап беруге болатынын еске салды.
Соңғы жаңалықтар