«Оған көзім түсті»: Алтынбек Қоразбаев Мақпал туралы айтты

27.11.2025 08:13 Берік Арманов Берік Арманов
«Оған көзім түсті»: Алтынбек Қоразбаев Мақпал туралы айтты
0
720
Коллаж: SN.kz

Танымал композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға деген қарым-қатынасы жайлы ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесінің сөзінше, «Мәңгілік махаббат» әнін ол Мақпал Жүнісоваға арнап жазған.

«Мақпал – халықтың айрықша жақсы көретін әншісі. Оған қызықпаған адам кемде-кем. Мен алғашында оның тұлғасына емес, дауысындағы әуезге, әншілік табиғатына тәнті болдым. Жамбыл облыстық филармониясының директоры болып жүрген кезде «Гүлдер-ай» ансамблімен бірге келгенде көзім түсті. Менің көптеген әнімді Мақпал орындап жүр. Соның ішінде «Сағындым Алматымды», «Сағыныш саздары», «Сары жайлау» бар.

Ал «Мәңгілік махаббатты» шын мәнінде Мақпалға арнап жаздым. Әннің ішінде оның аты аталмағанымен, жүрегімдегі сезім мен шабыттың иесі – Мақпал. Ол бұл әнді жоғары деңгейде алып шықты. Мақпал – біртуар талант. Көп дүние оған жарасады», – деді Алтынбек Қоразбаев КешREC бағдарламасына берген сұхбатында.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий