Ел алдындағы жауапкершілікті сезінемін – Нұрасыл Медеу

10.10.2026 • 11:32 Әсел МҰРАТ
Ел алдындағы жауапкершілікті сезінемін – Нұрасыл Медеу
122
Фото: видеодан скрин

Нұрасыл Медеу президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен туыстық байланысы оған қандай мүмкіндіктер бергенін және бұл жағдайды қалай қабылдайтынын айтты. Оның сөзінше, белгілі бір отбасында дүниеге келу – адамның өз таңдауы емес, алайда мұндай мүмкіндіктерді ел игілігіне жарату маңызды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сұхбат барысында Нұрасыл Медеуден мемлекет басшысының туысы болудың артықшылықтары мен жауапкершілігі туралы сұралды.

Ол ең алдымен осындай отбасында дүниеге келгені үшін Жаратқанға шүкіршілік ететінін айтты.

«Бірінші кезекте осындай отбасында дүниеге келгенім үшін Құдайға ризамын. Қан су емес қой. Бұл менің таңдауым болған жоқ. Дегенмен, мүмкіндік алып, жаңа дүниелер жасауға, шығармашылықпен айналысуға жол ашылғанына ризамын», – деді ол.

Нұрасыл Медеудің айтуынша, жиырма жас – батыл қадам жасап, жаңа бастамалар көтеріп, алға ұмтылатын кезең. Сондықтан ол өзіне берілген мүмкіндіктерді пайдаланып, ел үшін пайдалы істер атқаруды мақсат етеді.

Сондай-ақ ол арғы атасының қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі екенін атап өтті. Осы мұраны жалғастыруды өзіне жүктелген жауапкершіліктің бір бөлігі деп санайды.

«Мен осы үлкен жауапкершілікті сезінемін. Деңгейді төмендетпей, керісінше, жаңа дүниелер жасау керек. Еліміз, халқымыз, Қазақстан үшін бұл өте маңызды деп ойлаймын. Біздің ұмтылатынымыз да – осы», – деді Нұрасыл Медеу.

Ол сырт көзге белгілі бір әулеттен шыққан адамның мүмкіндіктері көп болып көрінуі мүмкін екенін де жасырмады. Алайда іс жүзінде, әсіресе университет ашу кезінде, көптеген мәселені өз күшімен шешуге тура келгенін жеткізді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий