Олимпиада-2026: Қазақстан атынан 36 спортшы өнер көрсетеді

07.02.2026 09:13 Қарақат АСЫЛОВА
Олимпиада-2026: Қазақстан атынан 36 спортшы өнер көрсетеді
63
Фото: Туризм министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан спортшылары қашан және қай спорт түрінен жарысқа түседі

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан ұлттық құрамасы спортшылар шеруіне қатысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Олимпиада-2026 ашылу рәсімі ерекше форматта ұйымдастырылды. Салтанатты шара Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында және Кортина д’Ампеццо қаласында өтті. Сонымен қатар дәстүрлі спортшылар шеруі Милан мен Кортинадан бөлек Ливиньо және Предаццо қалаларында да ұйымдастырылды.

Милан қаласында Қазақстан туын шорт-трекші Денис Никиша алып шықса, Ливиньо қаласында еліміздің атынан фристайл-могул спортшысы Аяулым Амренова ту көтерді.

Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 36 спортшы ел намысын қорғайды.Алғашқы жарыстар 7 ақпанда өтеді. Олимпиада ойындары Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

7 ақпан, жарыс кестесі:
    •    Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Дарья Ряжко
Басталу уақыты: 17:00
    •    Конькимен жүгіру, 3000 метр (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева
Басталу уақыты: 20:00

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий