«Өлтіріп, мәйітін зорлаған»: Шымкентте оқушының адам шошырлық қылмысына қатысты сот өтіп жатыр

Шымкентте 11-сынып оқушысы үйін тазалауға келген әйел адамды өлтіріп, денесін қоқыс жәшігінің жанына тастап кеткен. Сол сияқты оқушы мәйітті зорлады деген күдікке де ілініп отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Прокурордың айтуынша, мектеп оқушысы Шымкентке биыл шілде айында құрылыста жұмыс істеуге келген. 21 шілде күні жалдамалы пәтерде жалғыз қалған. Жыныстық қатынасқа түскісі келіп, ұялы телефонымен Telegram желісіне кірген. Онда «Шымкент жұмыс» атты жалпы топқа «Тұрғын үйге тазалық жасайтын қыздар керек» деген хабарлама жазған.
Жәбірленуші Диана Оңғарбаева күн көру үшін үй тазалаумен айналысқан. Хабарлама арқылы келіп, үй тазалап, оқушыдан 15 мың теңге еңбекақысын сұраған. Ол ақысын анасы беретінін айтып сылтауратқан.
«Үйден сабы ағаштан жасалған асүй пышағын алып, жәбірленуші Оңғарбаеваның теріс қарап тұрғанын пайдаланған. Өзінің адам өлтіру туралы қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу үшін пышағымен марқұмның артқы мойын тұсынан тоқтаусыз 10 рет сұғып алған. Ары қарай мектеп оқушысы марқұмды жерге жатқызып, бүйрек тұсына бір рет сұғып алған», - дейді прокурор.
Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның денесі 10 күннен кейін Шымкенттегі қоқыс жәшігінің жанынан табылды. Прокурордың сөзінше марқұмды өлтіріп қана қоймай, оның мәйітімен жыныстық қатынасқа түскен, ал ұялы телефонын сатып жіберген.
«Мен 28 шілде күні арыз жазғанмын. Ал 29 күні Астанаға жаздым. Содан кейін ғана 30 күні телефоны табылды. Ал 31 күні қызым қоқыстан табылды. Полицейлер қайда жүр, іздемей?! Дәл осылай қорланып өлмейтін еді ғой», - деп марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева жылап жіберді.
Белгілі болғандай, мектеп оқушысы өзіне тағылған айыппен ішінара ғана келісетін көрінеді. Айтуынша, оқушы адам өлтіргенмен, мәйітпен жыныстық қатынасқа түспеген. Ал сараптама қорытындысына сай, мәйіттен ДНҚ табылмаған көрінеді. Алайда, Диана Оңғарбаеваның туыстары онымен келіспейді.
«Менің талабым – баланы өмірбақи соттау. Ол мәйітті зорлағанын мойындамай отыр. Ал алғашқыда қолға түскен кезде осы қылмысын мойындаған болатын. Қолындағы пышағын 26 жерге тыққан», - дейді марқұмның анасы.
Соңғы жаңалықтар





