«Өлуге дайынмын.Күтіңдер...»: Футболшы Димаш Қашкен өзіне айтылған сыннан кейін күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Өлуге дайынмын.Күтіңдер...»: Футболшы Димаш Қашкен өзіне айтылған сыннан кейін күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
13.10.2025 13:33
0
203

Танымал блогер Мерей Абилованың күйеуі Дінмұхаммед Қашкен ұлттық құрамаға шақырылуына байланысты өзіне қатысты айтылған сын-пікірлерге алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Хейт ол міндетті түрде болады. Мен оны абыроймен көтеремін. Әркімнің өз пікірі бар, бұл қалыпты. Мен Алла қаласа өз ойыныммен мықтылығымды дәлелдеймін. Бас бапкер маған өзімді дәлелдеуге үлкен мүмкіндік берді. Ол кісі мені Түркияда жүргенде 22 жасымда шақырған. Бұл біріншіден, әр футболисттің арманы - Ұлттық құрамаға шақырылып, еліміздің намысын қорғау. Бұл менің бала күнгі арманым болған. Ұлттық құрамаға шақырылып, сол жердегі атмосфераны сезіну. Талғат Маруанұлына құрамаға шақырғаны үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Ұлттық құрама үшін алаңда өлуге дайынмын. Бәріне дайынмын! Қараңдар, бақылаңдар! Алла қаласа, мен әлі дәлелдеймін! Мен жаман ойыншы емеспін! Күтіңдер, әлі бәрі жақсы болады», - деді футболшы Қашкен.

Айта кетейік, Димаш Қашкеннің ұлттық құрамаға шақыртылуы жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырған болатын. Алайда футболшы бұл сынға сабырмен қарап, өзіне сенімді екенін көрсетті. Лихтенштейнге қарсы өткен ойында (4:0) Қашкен құраманың өтінімінде болғанымен, алаңға шыққан жоқ.


 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий