Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Бішкекке барды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бішкекте Қазақстан Үкіметінің басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қабылдады. Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстан Үкіметі екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерді жұмсауға дайын екенін білдірді.
Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен үкіметтік деңгейдегі келіссөз барысында Президент Садыр Жапаровтың Қазақстанға алдағы ресми сапарына дайындық мәселесі қаралды.
Тараптар өзара тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады. Оның ішінде екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған нақты жобаларға назар аударылды.
Қазақстан $260 млн сомасына 195 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын. Азық-түлік, өнеркәсіп, мұнай-химия, құрылыс, фармацевтика және басқа да салалардың әлеуеті зор. Сондай-ақ бұған шекара маңында Индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы жоспарлар да ықпал етеді. Аталған жобаның іске қосылуы мультипликативті әсерге ие болып, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға қосымша серпін береді.
Ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықтың әлеуетін толыққанды ашу үшін екі елдің үкіметтері өнімдердің өзара тасымалын ұлғайту және бірлескен жобаларды іске қосу жөнінде шаралар қабылдайтын болады, сондай-ақ екі елдің ғылыми-зерттеу институттары мен аграрлық жоғары оқу орындары арасындағы белсенді өзара іс-қимыл жалғасады.
Олжас Бектенов 2024 жылғы вегетациялық кезеңде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілерінің жұмыс режимдерін бекітудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар тараптар қазақ-қырғыз шекарасының өткізу қабілетін және жүк тасымалдаушылар үшін транзитті тартымды ету бағытында атқарылып жатқан жұмыс қарқынын атап өтті. Қазақстанның транзиттік көлік әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес «Қарасу», «Бесағаш», «Аухатты», «Сартөбе» «Айша бибі», «Сыпатай батыр», «Кеген» өткізу бекеттерін салу және реконструкциялау көзделіп отыр.
Кездесу барысында тараптар білім, мәдениет және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылады.
Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің мемлекет басшылары қойған міндеттердің барлығын толық көлемде іске асыруға және қазақ-қырғыз ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге дайындық мәселесі нақтыланды. Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
09:39
Қазақстанның тәуелсіздік алғаны
12.12.2024
09:27
Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды ...
12.12.2024
09:10
2025 Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен т...
11.12.2024
21:21
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кет...
11.12.2024
20:19
Марқұм Нұрқанат туралы тың деректер шықты
11.12.2024
19:48
Жаңа адамдар Бағлан Әбдірайымовқа өзімен жұмыс ...