«Олжас сен қорқақсың»: Димаш Құдайберген «қазақ тілінде сөйлейтіндер көбейіп кетті» деген Байділдиновке жауап берді

«Олжас сен қорқақсың»: Димаш Құдайберген «қазақ тілінде сөйлейтіндер көбейіп кетті» деген Байділдиновке жауап берді
Фото: t.me/baidildinovoil

Ресейлік телеарнаға сұхбат беріп, «қазақ тілінде сөйлейтіндер көбейіп кетті, бұл үшін шара қолдану керек» деген пікір айтқан Олжас Байділдиновке белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстанның халық әртісі Instagram парақшасында Байділдиновтің суретін жариялап, оны арандатушы деп атады.
Димаш былай деп жазды:

«Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілдерін құрметтейміз. Бірақ құрмет ең алдымен өзіңнен басталады. Өз тілінен өзгенің көңілін табу үшін ұялған адам сөзін емес, тамырын жоғалтады.
Олжас, сені арандатушы ретінде жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай бала сияқтысың. Қазақша жазған жоқпын, өйткені сен қазақ тілін білмейсің».

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу