«Өмірім «байларский»: Ерке Есмахан үйін айтып тағы бір мақтанып алды

05.12.2025 13:12 Әсел Мұрат
«Өмірім «байларский»: Ерке Есмахан үйін айтып тағы бір мақтанып алды
0
182
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ерке Есмахан

Белгілі әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп отырып, өз өмірі туралы айтып, мақтанып алды,  деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оқырмандарының бірі одан «Тым көп мақтанасыз, шынайы өміріңіз қандай?» деп сұрады.

«Менің қалыпты жағдайым мақтаншақтық болып көрінетініне мен кінәлі емеспін. Төртбұрышты рамкадан шығыңыз», - деп жауап берді Ерке оқырман сұрағына.

Сондай-ақөнер иесі «Мақтаншақсың» деп жазатындарға шүйліг»п, оларды орнына қойды.

«Үйдің бергі жағын ғана көрсеттім ғой сіздерге. Соның өзіне ойбай өтірік мынау, суретке түсетін жер ғой деп жатыр екен көбісі. Негізі Муслимнің бөлмесі, күйеуімнің студиясы, сауна, үлкен гардероб, үш душ бөлмесін, подьезді көрсетпедім. Үлкен квадратура болған соң, үлкен румтур керек болды. Алда мүмкін румтур түсіріп қалармын. Ал мына суреттермен менің мақсатым үйдің атмосферасын жеткізу еді. Үй шашылмайды. 2 жұмысшы қыз жинап жүреді бәрін. Балалар ойнап шашса, артынша бірден жинап қояды. Ой, тағы мақтаншақ, өтірік дейсіздер қазір. Әңгімелерімнің бәрі байский сияқты ғой. Дұрысы ештеңе айтпай-ақ қояйыншы», - деді ол.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий