"Өмірімнің жаңа кезеңі": Кәмшат Жолдыбаева жан сырын ақтарды

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева соңғы уақытта неге кино саласында сирек көрініп жүргенін түсіндірді.
Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты сыр бөлісті.
Оқырмандардың бірі актрисадан күйеуі, актер Ғазірет Ержановпен қалай танысқанын сұрағанда, Кәмшат:
«Иә, біз “Рауза” сериалында таныстық. Сол кездегі таныстық өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты», — деп жауап берді.
Сондай-ақ Кәмшат соңғы кездері фильмдер мен сериалдарда көрінбеуінің себебін де айтты:
«Шүкір, шақыртулар аз емес. Бірақ қазір киноға түспеуімнің өз себебі бар. Киноны сағындым, ал кино мені сағынған шығар. Бір күні біз қайта кездесеміз», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары актрисаның бұл жауабын жылы қабылдап, оның өнерге қайта оралуын асыға күтетінін жазып жатыр.
Соңғы жаңалықтар





