Оралда полиция майоры әріптесін пышақтады деген күдікпен қамалды – БАҚ
Оралда полиция бөлімінің басшысы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Оған қарамағындағы қызметкерді пышақтады деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Umarovnews басылымының хабарлауынша, Орал қаласындағы Абай полиция бөлімі бастығының орынбасары Дамир Ислямғалиев қарамағындағы полицеймен бірге ішімдік ішіп отырған кезде оның ішіне пышақ сұққан деген күдікке ілінген.
Оқиғадан кейін Ислямғалиев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал жарақат алған полицей ауруханаға жеткізілген. Батыс Қазақстан облысы (БҚО) полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері қылмыстық іс тіркеген.
Басылымның жазуынша, зардап шеккен полицей Ислямғалиевке ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, тергеуге өзін абайсызда кесіп алғаны туралы жауап берген деген де ақпарат бар.
Politico.kz оқиғаға қатысты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
14:29
Қаракемерде үш жасөспірімнің өлімі: бопсалау іс...
10.11.2026
14:10
«Небір операцияларды өткердік»: Төреғали Төреәл...
10.11.2026
13:57
Оралда полиция майоры әріптесін пышақтады деген...
10.11.2026
13:21
Тоқаев тіл мәселесін желеу етіп, елді арандатат...
10.11.2026
12:56
«Қылтима, жеделсаты, субұрқақ»: Тоқаев кейбір қ...
10.11.2026
12:49
«Жомарт» кенішіне заманауи бұрғылау қондырғысы ...