"Өте қиын адам": Мадина Сәдуақасова күйеуі туралы айтты

15.04.2026 14:43 Мөлдір Талғат
527
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Мадина Сәдуақасова отбасылық өмірінің алғашқы жылдары оңай болмағанын айтып, бұрын көп айта бермеген жайттармен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

SMARTNEWS.KZ сайтының жазуынша, өнер иесінің сөзінше, өзі мен жұбайы Олжас мінез жағынан мүлде екі түрлі. Әнші ашық, көпшілік ортаны жақсы көретін адам болса, жолдасы керісінше тыныштықты қалайды, адам көп жиналатын жерлерден алшақ жүреді.

Сол себепті олар уақыт өте келе ортақ шешімге келіп, той-томалаққа бірге баруды шектеген. Қазір ерлі-зайыптылар жылына ең көбі жеті шараға ғана қатысуды әдетке айналдырған.

Алғашқы келіспеушіліктердің бірі бала тәрбиесіне қатысты болған. Әнші ұлы Ануар еркін өсіп, өз тәжірибесі арқылы үйренуі керек деп санаса, әкесі керісінше барынша сақтық танытқан.

“Ұлым кішкентайында құлап көрмеген шығар. Әкесі үйдегі жиһаздың бәрін жұмсартып, айналасына жастық қойып тастайтын. Мен бала өзі үйренуі керек дедім, ал ол кішкентай нәрсенің өзіне алаңдап, дәрігерге апаруға дайын тұратын”, – дейді әнші.

Мадинаның айтуынша, бастапқыда күйеуінің мінезіне үйрену қиын болған. Тіпті “қалай тұрмысқа шықтым?” деген ой да келгенін жасырмады.

Алайда уақыт өте келе олар бір-бірін жақсы түсінуді үйренген. Әнші бұл айырмашылықтың кемшілік емес, керісінше бірін-бірі толықтыратын қасиет екенін атап өтті. Бүгінде жұп ашық диалогтың арқасында өзара үйлесімге қол жеткізген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий