Отырарда 9-сынып оқушысы 6 жасар қызға тиісті деп айыпталуда

27.03.2026 10:56 Арман Ермеков
Отырарда 9-сынып оқушысы 6 жасар қызға тиісті деп айыпталуда
304
Фото: Бейнеден кадр

Түркістан облысының Отырар ауданында 6 жасар қызға тиіспек болды деген күдікке ілінген тоғызыншы сынып оқушысы бір айдан бері бостандықта жүргеніне қыздың ата-анасы шағымданып әділдік талап етіп отыр, деп хабарлайды Politico.kz порталы 31-арнаға сілтеме жасап.

Отбасының сөзінше 1 ай бұрын мектептен кешігіп жылап келген қызы өзіне ауыл маңындағы жыңғыл арасында жоғары сынып оқушысы тиіскенін айтқан.

«Сол оқиғадан кейін қызымды алып, Түркістан қаласындағы гинекологқа көрсеттік. Ол жерде гинеколог попытка болған, бірақ қыздығы аман деді. Біз оған да шүкір дедік. Енді соны солай жазып беріңіз десек, біз эксперттердің тірлігіне араласа алмаймыз деді. Сол жерде 102 шақырып, қылмыстық іс қозғаттық», – деді жәбірленушінің анасы.

Арада 1 ай өтсе де ешқандай шара қолданылмағанына және күдіктінің ауылда емін-еркін жүргеніне наразы болған ата-ана істің бұрмаланып жатқанына сенімді екендерін жеткізді. Анасының айтуынша полицияға арыз түскен екінші күні тергеушіге хабарласқанда ол мал ұрлығымен қолы тимей жатқанын алға тартып іспен айналысқысы келмеген. Сонымен қатар оқиғадан екі апта өткен соң мектеп әкімшілігі баланың сабаққа келуін талап еткенімен, қауіпсіздігіне алаңдаған ата-ана оны білім ошағына жіберуден бас тартып отыр. Қазіргі уақытта психологиялық ауыр соққы алған 6 жасар қыз көшеге шығу былай тұрсын тамақ ішуден де қалған және осы жағдайға байланысты білім басқармасы шара қолданбағандықтан жақындары Ішкі істер министрлігі мен балалар омбудсменінен көмек сұрайды.

Түркістан облысының полиция департаменті бұл іске қатысты пікір білдіріп, сот сараптамасының қорытындысы бойынша баланың денесінде ешқандай жарақат жоқ екенін мәлімдеді.

«Бастапқы тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы іс-әрекеттер анықталмады. Соған қарамастан сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданатын болады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 25  жастағы ер адам 14 жастағы оқушыға зорлық жасағаны белгілі болған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий