“Өз өмірін қатерге тікті”: Атырауда мешіт ұстазы баланы ажалдан арашалады
Атырауда «Парасат» мешітінің ұстазы Сержан Тұрақбайұлы Жайық өзеніне ағып кеткен сегіз жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға туралы хабарды ести сала Сержан Тұрақбайұлы басқа азаматтармен бірге өзенге түсіп, баланы іздеуге кіріскен. Көп ұзамай олар баланы судың астынан тауып, жағаға алып шыққан.
Ұстаз балаға дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Біраз уақыттан кейін бала есін жиып, қайтадан тыныс ала бастаған.
Осы жағдайдан кейін Индер ауданы әкімінің міндетін атқарушы Фархат Шахметов қиын сәтте адам өмірін құтқаруға атсалысқан азаматтарды қабылдап, оларға алғысын білдірді.
Ерлік көрсеткен азаматтардың қатарында «Парасат» мешітінің ұстазы Сержан Тұрақбайұлы да бар. Оған Индер ауданы әкімінің атынан Алғыс хат табысталды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
22:19
Реджеп Тайып Ердоған Қазақстан әуе кеңістігінен...
02.11.2026
20:58
Қазақстанда «Кек алушылар: Доктор Дум» фильміні...
02.11.2026
19:46
Алматыда «Dostyk Plaza» СӨО келушілері жарылыс ...
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...