«Өзгенің өміріне үкім айтпаңыз»: Желі шулаған сәтте Альмира Тұрсын маңызды ой айтты

12.01.2026 17:34 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Өзгенің өміріне үкім айтпаңыз»: Желі шулаған сәтте Альмира Тұрсын маңызды ой айтты
0
50
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Көрерменге «Томирис» фильміндегі басты рөлі арқылы танылған актриса Альмира Тұрсын режиссер Ақан Сатаевтың бірінші әйелі Назира Бақаеваның даулы сұхбатынан кейін әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесі қоғамды өзгенің жеке өміріне үңіліп, үстірт баға бермеуге шақырды. Актрисаның айтуынша, адамның тағдыры көпшілік талқысына түсуге тиіс емес.

«Желіде болып жатқан дүниелерге қарасаң, жорамал мен нұсқа жетерлік. Өшпенділік те, ауыр сөздер де аз емес. Бірақ әр адамның жаны — терең, ал өмірі — талқылайтын алаң емес. Біз оның қандай жолдан өткенін, не себепті дәл сондай таңдау жасағанын білмейміз. Не ойлайтынын, нендей тілек тілейтінін де сезе алмаймыз. Сырттан қарап үкім айту оңай, сұралмаған кеңес беру де оңай. Ал өзің бастан кешпеген жағдайды бағалау — тіпті жеңіл», — деп жазды ол.

Альмира Тұрсын әр адамның өз жолы, өз сынағы мен өз жеңісі бар екенін атап өтті. Оның пікірінше, әркімге өмірін өзі қалағандай сүруге мүмкіндік беру керек.

«Көргеніңнің бәрі пікір білдіруді қажет етпейді, түсінбегеніңнің бәрі түсіндіруді талап етпейді. Адамға өз өмірін өзі сүруге құқық беріңіз — сіз үшін “дұрыс” көрінетін өмірді емес. Баршаңызға тыныштық, мейірім, махаббат пен бақыт тілеймін. Өз өміріңіз өзгелердікінен де мәнді болсын», — деп түйіндеді актриса.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий