"Өзіме керектіні таптым": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі сүйінші сұрады
Актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі, танымал актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, жақын күндері жаңа кино жобасын қолға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Актердің айтуынша, соңғы уақытта Қазақстанның бірнеше өңірін аралап, болашақ фильмге серіктес пен идея іздеген. Сондай-ақ кино нарығын зерттеп, шығармашылық бағытты нақтылағанын жеткізді.
«Ассалаумағалейкүм, ағайын! Сүйінші! Киноның жұмыстары басталды. Бұл уақыт ішінде бос жүрген жоқпын. Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, өзіме серіктес те, идея да іздедім. Нарықты зерттедік. Аллаға шүкір, керектінің бәрін таптым. Алдағы уақытта осы кинодағы актерлерге, әсіресе басты рөлді сомдайтын актерге қатысты өте қызық мәлімдеме жасаймын. Қолдауларыңызды күтемін», – деді Дархан Мұсаев.
Актер алдағы уақытта жобаға қатысты тың ақпараттарды кезең-кезеңімен жариялайтынын айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...