“Өзің малсың!” деген Ермахан Ыбырайымовтың сөзі қызу талқыланып жатыр

“Өзің малсың!” деген Ермахан Ыбырайымовтың сөзі қызу талқыланып жатыр
05.05.2025 11:07
0
157
sk-sport.kz

Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде жазылған ауыр сөзге реніш білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Танымал спортшы эфир барысында оқырмандардың бірі еш себепсіз «малсың» деп жазғанына жауап беріп, өз намысын қорғады.

Өзің малсың. Олимпиада чемпионына қалай малсың деп айтып отырсың?! Сол сөзді көзіме тура қарап айта аласың ба? Ешқашан айта алмайсың. Сондықтан диванда жатып алып, сөйлей берудің қажеті жоқ. Менің қандай адам екенімді білмейсің. Менімен бір рет араласып, сөйлесіп көрген адам өзінің ойын 100 пайыз өзгертеді. Мені танитындар ‘Ермахан, нағыз батыр адам, Ермахан чемпион, сенің жолыңды берсін’ деп жатады, – деп ашынып жауап қатты спорт шебері.

Осы жағдайдан кейін әлеуметтік желіде қолданушылар пікірі екіге бөлінді. Бір тарап Ермахан Ыбырайымовтың мұндай жауап беруі оның беделіне нұқсан келтірді деп санаса, енді бір топ оны қолдап, Олимпиада чемпионына тіл тигізуге ешкімнің қақысы жоқ екенін айтуда. Бұл оқиға танымал тұлғалар мен көпшілік арасындағы онлайн мәдениет пен жауапкершілік мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий