Павлодар облысындағы көмір разрезінде 42 жастағы жұмысшы көз жұмды
Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан «Майкөбен Вест» АҚ аумағында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды.
Оқиға 2026 жылы 24 шілдеде тіркелген. Қайғылы жағдайға байланысты еңбек инспекциясы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл туралы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті хабарлады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алған. Салдарынан ол қайтыс болды», – делінген департамент хабарламасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...
25.10.2026
12:33
Атырау тергеу изоляторындағы оқиға: Полиция рес...
25.10.2026
12:08
«Әлемдік аренада беделге ие»: Путин Қазақстан т...
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...