Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың отбасы қара жамылды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың отбасы қара жамылды
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың анасы өмірден озды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаралы хабарды павлодарлық журналист Болат Аманбаев жеткізді.

«Қазан айының он бесінде ойсыратар суық хабар жетті! Суық хабар келіп түсті! Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлының анасы – Дюсембаева Рауза Көгенбайқызы апамыз дүниеден озды! Бес күндік жалғандағы Ананың тірлік демі тауысылыпты. Ертіс-Баян өңірінің Тізгінін ұстап отырған Асайын Қуандықұлына қайғыра көңіл айтамыз! Ел Ерімен бірге. Ел басқарған азаматпен бірге! Тас түскен жеріне ауыр десе де, ЕР қасында Елі бар!», - делінген жазбада.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу