Павлодарда анасы 4 айлық нәрестесін жантүршігерлік жағдайда ұрып тастаған

Павлодарда анасы небәрі 4 айлық нәрестесін ұрып, жазым ете жаздаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Салдарынан кішкентай сәби ауруханадан бір-ақ шыққан.
Тексеру барысында сәбидің миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болған. Дәрігерлер полицияға баланың соққыға жығылғанын баяндаған. Тәртіп сақшылары баланы анасының ұрып соққанын анықтады. Қазір нәресте жетімдер үйіне тапсырылды. 4 айлық баланың кәмелет жасына толмаған ағасы да өңірдің балаларды қолдау орталығына берілді. Ал анасы психологиялық ауытқуына байланысты ауруханада ем алып жатыр.
"Баланың заңды өкіліне қатысты Қылмыстық кодекстің 106 бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Бұл денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы. Ал баласын соққан анаға қатысты сот өтетін болады. Онда ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсы. Өсіп келеді", - дейді Павлодар облысы бойынша балалар құқығын қорғау жөніндегі жедел уәкіл.
Соңғы жаңалықтар





