Павлодарда «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры сотталды
Павлодарда мердігерден 4 млн теңге пара алған «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры сотталды. Ұйым бөлімшесінің бас маманы оның сыбайласы болғаны анықталды. Екеуі автожолға қызмет көрсетуші фирма басшылығын қорқытып, ірі көлемде ақша талап етіп келген.
Павлодар қаласының №2 соты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры А.М.-ға және бас маман Ө.З.-ға қатысты қорқыту жолымен ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.
Белгілі болғандай, өткен жылдың маусым айында лауазымды тұлғалар орындалған жұмыстардың актісіне қол қоймаймыз және Павлодар-Астана автожолын күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзамыз деп қорқытып, мердігерден жалпы сомасы 4 000 000 теңге пара ретінде ақша алған.
Бұған қоса филиал басшысына лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып та тағылды.
«Сотталушылар өздеріне тағылған кінәні толықтай мойындаған жоқ және ақтауды сұрады. Олардың отбасында жас балалардың бар болуын ескере отырып, сот филиал басшысын – 8, бас маманды 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті», - деп хабарлады Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...