Павлодарда жол апатынан бес адам тірідей жанып кетті

Павлодарда жол апатынан бес адам тірідей жанып кетті
23.09.2025 16:30
0
300
Фото: Полиция департаменті

Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін, 23 қыркүйек күні, Павлодар облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы болып, бес адамның өмірін қиды.

Қайғылы оқиға Павлодар-Қызылорда тасжолының Бәйет ауылынан бес шақырым жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Lucida жеңіл автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан Sitrak жүк көлігімен арақашықтықты сақтамаған. Салдарынан ол ауыр техниканың артына барып соғылған.

Соққының қатты болғаны сонша, Toyota көлігі бірден отқа оранған. Өрт салдарынан көлік ішінде болған жүргізуші мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты полиция департаменті барлық жүргізушілерге ескерту жасады. Тәртіп сақшылары жол ережесін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтауға, қозғалысы көп жолдарда аса мұқият болуға және көліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыруға шақырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий