«Пианино үшін сатылған сиыр»: композитор Төлеген Мұхамеджанов балалық шағы туралы сыр шертті

12.12.2025 14:53 Айсұлу Мұрат
«Пианино үшін сатылған сиыр»: композитор Төлеген Мұхамеджанов балалық шағы туралы сыр шертті
0
49
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Төлеген Мұхамеджанов

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов «Таңшолпан» бағдарламасында өзінің ең танымал шығармаларының бірі — «Құс жолы» әнінің қалай дүниеге келгенін айтты. Көпшіліктің жүрегінен орын алған бұл әннің артында үлкен еңбек, бала арман және ананың айрықша құрбандығы жатқанын композитор толқыныспен еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Төлеген Мұхамеджановтың айтуынша, консерваторияның дайындық курсында бір жыл оқып жүрген кезінде анасы оны демалыста ауылға шақырады. Алайда жас музыкант қалада қалып, пианинода көбірек дайындалуға бел буған.

Сол кезде ана жүрегі тағы да өзіне тән мейіріммен шешім қабылдайды: ұлын үйге қайтару үшін жалғыз сиырын сатып, сол ақшасына үйге пианино алдыртады.

«Анамның маған деген шексіз сенімін өмір бойы ұмытпадым. Сол пианинода алғаш рет "Құс жолы" әнін толық ойнап шыққанда, ішімді кернеген қуаныш пен шабытты сөзбен айтып жеткізу қиын. Өзімді ерекше бақытты сезіндім», — деді музыкант.

Композитордың шынайы әңгімесі студиядағы көрерменді де, эфир алдындағы жұртты да терең толқытты. Көпшілік оның өнер жолындағы табыстарының артында ананың жанқияр еңбегі мен баласының арманын биік қойған жүрегі тұрғанын атап өтті.

Төлеген Мұхамеджанов бүгінде қазақ музыкасының тарихында өзіндік орны бар тұлға. Ал «Құс жолы» — тек әуен емес, ана махаббаты мен өнерге адалдықтың символына айналған туынды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий