Премьер-министр тарифтердің өсуі себебін түсіндірді

Премьер-министр тарифтердің өсуі себебін түсіндірді
15.07.2025 10:58
0
37
Фото: gov.kz

Премьер-министр тарифтердің өсуі туралы пікір білдірді

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте журналистер Премьер-министр Олжас Бектеновтен тарифтердің неге өсіп жатқанын сұрады. Үкімет басшысы бұл мәселені ашық мойындап, жағдайдың себебін түсіндірді.

— Тарифтердің өсуі жалғасады. Бұл ауыр әрі жағымсыз мәселе. Бірақ Үкімет бұл туралы ашық айтып отыр және тарифтерді нарықтық деңгейге келтіру саясатын жүргізіп жатыр. Тарифтер ұзақ уақыт бойы реттеліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа инвестиция салуға мүмкіндік бермегендіктен, 2021–2022 жылдары Риддер мен Екібастұзда болған апаттар орын алды, — деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, тарифтерді жасанды түрде ұстап тұру жүйенің тозуына әкеліп соққан. Қазір басты мақсат инфрақұрылымның жаңаруына жол ашу. Бұл үшін тарифтерді нарықтық деңгейге кезең-кезеңімен бейімдеу қажет екенін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий