Президент елордадағы халықаралық мектептің жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) халықаралық мектебін аралап көрді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мектептің жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады және 800 оқушы мен мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Оқу орны халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасының аккредитациясынан өткен. Мұнда үш негізгі бағдарлама ұсынылады: бастауыш білім (PYP), орта білім (MYP) және дипломдық оқу (IB).
Мектеп заманауи технологиялармен жабдықталып, оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Спорт инфрақұрылымына футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн кіреді.
Президент білім беру деңгейін арттырудың және жас буынның жан-жақты дамуының маңыздылығын атап өтті. Ол мұндай оқу орындарының Қазақстанның болашағын қалыптастырудағы рөлін жоғары бағалады.