Президент сынынан соң, көлік министрлігінде тексеру басталмақ

Президент сынынан соң, көлік министрлігінде тексеру басталмақ
16.05.2025 14:59
0
117
Коллаж POLITICO.KZ
Көлік министрлігі жемқорлыққа қарсы күрес бастады

Президент сынынан кейін, көлік министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеру жүргізіледі

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастағаны туралы мәлімдеді.

Бұл тексеру жұмыстары 20 мамырдан бастап қолға алынады.

Аталған шешімге 2025 жылдың 14 мамырында өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік саласындағы жағдайға қатысты айтқан сынды пікірі себеп болды. Сол жиында Мемлекет басшысы Көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялап, саланың жаңғыртылуы жүйелі проблемалар мен жоспарлардың орындалмауы салдарынан тежеліп отырғанын қатаң сынға алған еді.

Кейінірек Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға арналған арнайы кеңес өткізіп, Көлік министрлігі кемшіліктерді қандай нақты мерзімде түзетуі керектігін белгіледі.

Содан кейін, көлік саласын цифрландырумен кешенді түрде айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылатыны туралы ақпарат тарады.

Дереккөз: CMN.KZ
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий