Президент Тоқаев медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Тоқаев медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
13.06.2025 13:17
0
318
Ақорда
Медицина қызметкерлері Президент Жарлығымен марапатталды

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін наградталды:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы – «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі

Құрақбаев Құралбай – «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ «Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебі» Қазақстан медицина университеті» ЖШС кафедра меңгерушісі;

«Парасат» орденімен

Әлібекова Ғалия Нұрхайырқызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» РМК санитарлық дәрігері

Әубәкіров Ермек Серікбайұлы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көп бейінді қалалық ауруханасы» МКК травматолог дәрігері

Ирменов Қамидолла Мутиғоллаұлы – «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС басқарма төрағасы

Құлакеев Оңласбек Құдайбергенұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы

Петерсон Надежда Николаевна – Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы» МКК фельдшері

Шашкин Шыңғыс Сақаұлы – «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК нейрохирург дәрігері;

«Құрмет» орденімен

Алтынова Шолпан Ханапина – «University Medical Center» корпоративтік қорының департамент директоры – республикалық нефрология үйлестіру орталығының басшысы

Ибатова Сырданқыз Сұлтанханқызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ невролог дәрігері

Исмаилов Шахимұрат Шайымұлы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» РМК фтизиатр дәрігері

Қапышев Тимур Сайранұлы – Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас анестезиологы-реаниматологы

Түсіпбекова Ғалия Марксқызы – «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК Аллергология орталығының басшысы

Түсіпбекова Сәуле Әкімжанқызы – Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қарағанды қаласының № 3 көп бейінді ауруханасы» КМК аға мейіргері;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Аманов Дос Нұркенұлы – Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» КМК кардиоорталығының басшысы

Әлібаев Болат Амангелдіұлы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық балалар көп бейінді ауруханасы» МКК бөлімшесінің меңгерушісі

Байдуллаев Ержан Ерманұлы – Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары

Есенбаева Сәния Мұсақызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» РМК бас мейіргері

Жексенбинова Алма Төкенқызы – Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы» МКК фельдшері

Жиналыс Маралбек – Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы «Көп бейінді облыстық ауруханасы» МКК бөлімшесінің меңгерушісі

Құлымжанов Нұртілек Марланұлы – Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы «Жезқазған қаласының облыстық көп бейінді ауруханасы» КМК бөлімшесінің меңгерушісі

Медетбекова Жанна Әкімбекқызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ дәрігері

Меркібеков Еркебұлан Талғатұлы – Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық көп бейінді ауруханасы» МКК нейрохирург дәрігері

Окасова Ләззат Жарлықапқызы – Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы «Шығыс Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК дәрігері

Өтешева Мария Бекбергенқызы – Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК гинеколог дәрігері 

Сопбекова Айгүл Құрасбекқызы – Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы «Түлкібас орталық аудандық ауруханасы» МКК аға дәрігері;

«Шапағат» медалімен

Аманғалиева Айгүл Қуанышқызы – Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы «Атырау облыстық кардиология орталығы» КМК мейіргері

Әміржанов Жасұлан Нұрланұлы – Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК бөлімшесінің меңгерушісі

Әміржанова Салтанат Болатқызы – Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық кардиологиялық орталығы» КМК мейіргері

Әуелбеков Бауыржан Асқарбекұлы – Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК фельдшері

Қабдуллина Алмагүл Тұрсынбайқызы – Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай қалалық онкологиялық көп бейінді ауруханасы» КМК мейіргері

Құлмағанбетов Мұхит Асқарұлы – «Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғылыми қызметкері

Құрманалиева Гаухар Ақанқызы – Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы «Іле орталық аудандық ауруханасы» МКК акушері

Нұрғалиева Анаркүл Кәрімқызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ диспансер меңгерушісі

Остапчук Екатерина Олеговна – «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС филиалының зертхана меңгерушісі;

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілсін

Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

Мағзұмов Азамат Белгібайұлы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Көп бейінді облыстық ауруханасы» КМК терапевт дәрігері

Новичевский Сергей Львович – Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы «№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК бөлімшесінің меңгерушісі

Нысанов Жексенбай – еңбек ардагері, Атырау облысы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий