Президент жарлығымен Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына атағайындалды

Президент жарлығымен Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына атағайындалды
19.03.2025 13:57
0
322
Ашық дереккөз
Президент Тоқаев Энергетика министрін ауыстырды

Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Осыған дейін бұл қызметті Алмасадам Сәтқалиев атқарған болатын. Ол жуырда Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің төрағасы лауазымына ауысуына байланысты қызметінен босатылған еді.

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы туған. «Әділет» құқық жоғары мектебі мен «Астана» университетін бітірген. 2022 жылға дейін жеке меншік мұнай-газ компанияларында еңбек етіп, кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдерін маркетинг басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.

2023 жылдың маусым айынан бері Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі лауазымын иеленіп келген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий