«Президенттің артына тығылғандар»: Депутат министрлердің жұмысын сынға алды

03.12.2025 13:23 Арман Ермеков
«Президенттің артына тығылғандар»: Депутат министрлердің жұмысын сынға алды
0
86
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Елнұр Сабыржанұлы

Мәжілістің отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Үкімет мүшелерін сындарлы диалогқа дайын еместігі үшін және өз қателіктерін Мемлекет басшысының беделімен жапқысы келетіні үшін қатаң сынады, деп хабарлайды NUR.KZ.

Халық қалаулысының пікірінше, Үкіметтің дәрменсіздігі әсіресе жаңа Салық кодексін қабылдау кезінде анық байқалған. Парламент бұл құжаттың шикі тұстары мен тәуекелдері туралы талай мәрте ескерткен. Алайда Министрлер кабинеті түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз деп құр уәде беріп, ақыры жағдайды ушықтырып алған.

«Үкімет кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге уәде беріп, парламенттің тәуекелдер туралы ескертулерін елемеді. Алайда жағдай ушығып кетті. Тек Мемлекет басшысының араласуы ғана нормалардың бір бөлігін тоқтата тұруға алып келді. Үкімет кезекті рет Президенттің артына тығылып, өз қателіктерін Мемлекет басшысының шешімімен бүркемеледі», — деді ол.

Депутат соңғы кездері министрлер мен әкім орынбасарларының ойланбай сөйлеген сөздері халықтың ашу-ызасын тудырып, ғаламторда келекеге айналып жатқанын айтты. Ол шенеуніктердің қарапайым халықтың тұрмысынан мүлде бейхабар екенін көрсететін бірнеше сорақы мысалды тізіп берді:

  • Сауда вице-министрінің Жаңа жылдық дастарқан жайлы «әмияныңыз бен қалауыңызға қараңыз» деп, қымбатшылықтан қысылған халыққа ақыл айтуы;
  • Министрлердің азық-түлік бағасын білмей, сұрақ қойғанда мүдіріп кетуі;
  • Алматы облысы әкімі орынбасарының Қанат Есболатовтың мүгедек жандарды «Алла жазалаған» деп қорлап, намысына тиюі;
  • Қорғаныс министрінің әскердегі суицид туралы сұраққа мысқылмен, адамгершілікке жат жауап қайтаруы.

Депутаттың сөзінше, мұндай этикаға жат қылықтар мемлекеттік қызметшілердің қоғамнан ажырап қалғанын және адамгершілік қағидаларынан аттап өтетінін көрсетеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий