Әскердегі сарбаздар өлімі туралы сұрақ қойылғанда министр күліп жіберді (ВИДЕО)
1051
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қазіргі уақытта армияда мұндай фактілер тіркелмейтінін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ulysmedia.kz тілшісі Қорғаныс министрі Дәурен Қосановқа жас қазақстандықтардың әскерде қаза болуы туралы қойған болатын. Алайда ол сұраққа күліп жауап берді. Күліп алғаннан кейін, Қосанов қазіргі уақытта мұндай оқиғалар жоқ екенін айтып, жақында өткен қайтыс болған сарбаздардың аналарының митингі «бұрынғы оқиғаларға» байланысты екенін жеткізді.
«Қойыңызшы? Мен сізге шын айтып тұрмын, бүгінгі күні бізде ондай фактілер жоқ. Ол аналардың оқиғалары өткен жылдары — 2020-2023 жылдары болған. Біз оларды қабылдап жатырмыз. Аналар митингіге шыққан мәселелердің бәрі тергеу жұмыстарына қатысты. Тергеуді ІІМ жүргізіп жатыр, ол Бас әскери прокуратураның бақылауында», — деді ол.
Қосанов биыл маусым айындa қорғаныс министрі болып тағайындалған.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...