Прокурор блогер Жанабыловтарды 4 жылға соттауды сұрады 

22.04.2026 17:18 Әсел Мұрат
Прокурор блогер Жанабыловтарды 4 жылға соттауды сұрады 
319
Фото: әлеуметтік желіден

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бүгін оларға қатысты іс бойынша сот тергеуі аяқталып, жарыссөз басталды.

Жарыссөз кезінде прокурор Олжас Хайруллаев блогер Ерболат Жанабыловты 4 жылға соттауды сұрады.

«Ерболат Жанабыловты қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, екі жыл алты айға бас бостандығынан айыруды, қылмыстық кодекстің 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру) бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Қылмыстық кодекстің 58-бабы негізінде түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыруды және сот залынан қамауға алуды сұраймын», – деді прокурор.

Прокурор блогер Эльмира Төлегенованы да 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ үкімнің орындалуын бір жылға кейінге шегеруді сұрады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, блогерлер ұтыс ойындарын өткізу арқылы 247 миллион теңгеден астам табыс тапқан. Осылайша заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, қаражатты заңдастырған. Ұтыс ойынындағы жүлделер қатысушылардың жарналарына сатып алынғанымен, жарнамада ұйымдастырушылар өз қаражатын жұмсайды деп көрсетілген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий