"Қанымызды ішті": Дариға Бадықова оқырмандарына ренішін айтты

26.05.2026 17:03 Мөлдір Қайнар
76
Фото: Spotify

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өмірге қатысты пікір білдіріп, оқырмандарына ренішін жеткізді,деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі соңғы уақытта ел ішінде тарап жатқан әңгімелер мен талқылауларға байланысты ойын ашық жазған. Оның айтуынша, көпшілік өнер адамдарының жеке өміріне шамадан тыс араласып кеткен.

“Жеке өмір кей көрермендерге қызық екен. Картаның толық ашылмағаны ұнайды. Ішіңізге қалай сияды деп жатқандар да бар. Тым тереңмен, 20 миллион халыққа жырылып-сықтап, айыра-жайра болып, сен қатып та, мен қатып болып отыруға желание жоқ”, – деп жазды актриса.

Сондай-ақ ол ел аман, жұрт тыныш кезде әркім өз өмірімен айналысуы керек екенін айтты.

“Әркім өз өмірімен тыныш қана алыссын. Бәрімізде тағдыр бар, ешкіммен көруге болмайтын. Жеке өмір жалпықа айтылатын жағдай емес! Онсыз да қызығымыз таусылып, шаршаттық”, – деді Дариға Бадықова.

Өнер иесі халық алдымен өнер адамдарының өмірін қызу талқылап, кейін өздері ренжіп шығатынын да атап өтті.

“Көрермен әуелі боқтайды, осы өнер адамдары қанымызды ішті, сендердің өмір керек еді бізге деп. Расымен керек емес ол кісілерге. Әркім өз басымен әлек. Өзіміз ғой бықсып естіртіп жүрген. Естіген соң, талқыға түсеміз сосын, ренжиміз! Жеке өмір – шекара”, – деп түйіндеді актриса.

Войдите, чтобы оставить комментарий