«Қап-қап ақша»: Түркістандық әжейдің үйінде күтпеген жағдай болды

13.10.2026 • 17:13 Әсел МҰРАТ
«Қап-қап ақша»: Түркістандық әжейдің үйінде күтпеген жағдай болды
201
Фото: видеодан скрин

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында тұрғын үйдің шатырынан 5 миллион теңгеден астам қаражат табылды. Белгілі болғандай, ақшаны үй иесі жылдар бойы жинаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға қарт әйелдің үйін жөндеу кезінде болған. Жанашыр тұрғындар әжейдің баспанасын ретке келтіруге көмектесіп, жөндеу жұмыстарын бастаған. Шатырды жөндеу барысында олар бірнеше пакетке салынған қомақты ақшаға тап болған.

Тұрғындар табылған қаражат туралы бірден полицияға хабарлаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, бірнеше пакеттегі ақшаның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатынын анықтаған.

Үй иесінің айтуынша, бұл қаражатты ол ұзақ жылдар бойы жинаған. Қажетті тексеру шаралары аяқталып, барлық мән-жай анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады.

Осы жағдайға байланысты полиция азаматтарға ескерту жасады. Егер біреу бөтен адамның ақшасын немесе басқа да мүлкін тауып алса, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауы қажет. Уақытылы берілген ақпарат оқиғаның мән-жайын анықтауға және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий