Қарт ерлі-зайыптыларды немересі өлтіріп тастады

Қарт ерлі-зайыптыларды немересі өлтіріп тастады
25.06.2025 12:12
0
663
BAZA

Башқұртстан Республикасында 76 жастағы қария мен оның 64 жастағы жұбайы пышақ жарақатынан қаза тапты. Күдікті ретінде олардың Украинадағы арнайы әскери операциядан (АӘО) демалысқа келген 20 жастағы немересі ұсталды.

Жантүршігерлік оқиға Месягутово ауылында болған. Маусым айының басынан бері байланысқа шықпай қалған ерлі-зайыптылардың жағдайын білуге барған туыстары пәтер есігі ашылмаған соң полиция шақырған. Тәртіп сақшылары ашық тұрған терезе арқылы ішке кіріп, ерлі-зайыптылардың денелерін тапқан. Олар мойын және арқа тұсынан пышақ жарақатын алып, шамамен үш күн бұрын көз жұмған.

Полиция марқұм қариялардың көлігі жоғалғанын анықтады. Көп ұзамай автокөлік Пермь өлкесінің Кунгур ауданында жол жиегінен табылған.

Қылмысқа басты күдікті ретінде зейнеткерлердің немересі, 20 жастағы Денис Х. ұсталды. Ол Украинадағы арнайы әскери операциядан 11 мамырда бес апталық демалысқа келген. Шамамен екі апта іздеуден кейін күдікті Пермь қаласында табылып, қылмысын мойындаған.

Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий