"Қартайғанда алып шығыпты ғой": Сахна төріне Сәкен Майғазиевтің жары шықты

Сәкен Майғазиевтің жұбайы сахнаға шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Танымал әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева өнер әлеміне қадам басты. Оның әншілік қырын танытқан видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсті.
Динара Майғазиева күйеуімен бірге Ұлытау облысының Жезқазған қаласында өткен тойлардың бірінде өнер көрсеткен. Ерлі-зайыптылар жас жұбайлардың құрметіне «Жұбайлар жырын» шырқап, алғаш рет дуэт ретінде сахнаға шықты. Бұл оқиғаны жазба авторы «Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динара Майғазиева алғаш рет дуэт ретінде сахнаға шықты! Қазақ еліне +1 тамаша дуэт. Дебют! Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында» деп жариялады.
Алайда, бұл жаңалықты желі қолданушылары біркелкі қабылдаған жоқ. Көпшілік Динара Майғазиеваның әншілікке бет бұруын сынға алып, түрлі пікірлер жазды.
"Жақында Мейрамбектің әйелі шығады", "Сахна ойыншық болды ғой, ақшасы бардың бәрі әнші", "Енді қыз ұзатуға ән жазатын шығар", "Қартайғанда алып шығыпты ғой", – деп жазды қолданушылар.
@ansambl_nazar 📍 Дебют!Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында өтті.#сакенмайгазиев#жезқазған ♬ оригинальный звук - Назар ансамбль 💃💃
Соңғы жаңалықтар





