Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейді орденмен марапаттады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан Алматы облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны инспекторы, полицияның аға лейтенанты Шалхар Байжомартовты "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Марапатты ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков марқұм офицердің әкесіне табыстады.
Қайғылы оқиға өткен жылдың 20 желтоқсанында болған. Жол-көлік оқиғасын рәсімдеу кезінде басқарудан айырылған көлік полиция қызметкерін қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.
«Аға лейтенант Шалхар Байжомартов әрқашан өзінің қызметтік борышына адал, лайықты офицер ретінде есте қалады. Оның ерлігі – полиция қызметкерлерінің күнделікті қауіп-қатеріне және қоғамның қауіпсіздігі үшін атқарып жүрген жұмысының маңыздылығына ескерту», – деп атап өтті Айдар Сайтбеков.
Соңғы жаңалықтар





