Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қарым-қатынастары барлық бағытта достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан бастамашы болған «Бейбітшілік және сенім жылының» басталуымен құттықтап, бұл маңызды оқиғаның Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымының 30 жылдығымен тұспа-тұс келетінін ерекше атап өтті.
Президент Түрікменстанның бітімгершілік бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның бұл бастамаларды қолдауға және олардың табысты жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту мәселелері де талқыланды. Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын және мемлекеттердің мүдделеріне сай келетін өзекті мәселелер конструктивті түрде шешіліп жатқанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар





