"Қай жерге барсаң, қаптаған қара қытай": актер Бекжан Тұрыстың қорқынышы

27.11.2025 • 11:35 Айсұлу Мұрат
993
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Бекжан Тұрыс

Белгі театр актері Бекжан Тұрыс Qazaq AIRAN ютуб арнасына берген сұхбатында қоғамдағы өзекті тақырыптарға кеңінен тоқтала келіп, өзінің қорқынышы туралы да ашып айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Актер сұхбат барысында:

"Өнер адамы болған соң, гастрольдік сапармен көп жерге шығасың. Қай жерге барсам, қаптаған қара қытай. Бұл адамға кәдімгідей ой салатын дүние. Қорқыныш үйіреді және олар еркін жүр. Қолдарында телефон бірдеңе жазып, бірдеңелерді түсіріп жүреді. Оны сұрап жатқан ешкім жоқ, не түсіріп жүрсің деген сұрақ жоқ. Осыны көрген кезде қалай үндемей қаламыз? Осыны айтсаң, сен бірінші жаусың. Мен жау емеспін ғой" -дейді Бекжан Тұрыс. 

Алпыс жасқа толған театр актері бұдан да басқа қоғамда өзекті, мемлекет тағдыры үшін өте маңызды деген көптеген тақырыптарға тоқталған. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий