«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттердің қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Алматы стадионында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынға билеттердің сатылымға шығу мерзімі туралы мәлімет берді. 30 қыркүйекке жоспарланған матчқа билеттер ойынға 10 күн қалғанда, яғни айдың жиырмасыншы күндері сатыла бастайды.
Вице-министрдің айтуынша, билеттерді тек «Қайрат» футбол клубының ресми сайты мен әлеуметтік желілері арқылы сатып алуға болады.
Билеттердің бағасы әзірге бекітілмеген. Құны сұранысқа қарай анықталып, сатылым басталғанға жақын уақытта жарияланады.
Сонымен қатар, «Спорт Шредингера» телеграм-арнасы «Қайрат» клубына жақын адамға сілтеме жасап, билеттердің болжамды бағасы туралы ақпарат таратты. Дереккөздің мәліметінше, клуб билеттердің бір бөлігін топтамамен сатуы мүмкін. Мұндай топтамалардың бағасы стадиондағы орынға байланысты 95 000, 150 000 және 250 000 теңге болуы ықтимал.
Сурет: Ашық Дереккөз
Соңғы жаңалықтар





