Қайрат Қожамжаровтың інісі мен банк арасындағы сот ісі тоқтатылды

09.02.2026 13:21 Арман Ермеков
Қайрат Қожамжаровтың інісі мен банк арасындағы сот ісі тоқтатылды
401
Фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық соты бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың інісі Дулат Қожамжаровқа қатысты істі қарауды тоқтатты, деп хабарлайды Politico.kz.

BES.media басылымының мәліметінше, сот процесі тараптардың медиациялық келісімге келу мүмкіндігіне байланысты уақытша тоқтады. Судья іс материалдарын зерттей келе екі жақтың өзара бітімге келуіне негіз бар деп шешті. Жауапкер тарап биылғы жылдың 5 қаңтарында медиациялық келісім жасасу үшін істі тоқтата тұру туралы өтініш білдірген еді. Азаматтық процестік кодекске сәйкес сот тараптардың өтініші негізінде немесе өз бастамасымен медиация жүргізу үшін іс жүргізуді тоқтата алады.

Даудың басы Халық банкінің несие қарызын өндіру туралы талап арызынан басталған. Банк Дулат Қожамжаров пен Гүлназ Қожамжаровадан және оларға қатысы бар бес компаниядан қарызды қайтаруды талап етті. Жауапкер компаниялар қатарында «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» серіктестігі мен «Ойл снаб» компаниялар тобы және «HILL Group» секілді ұйымдар бар.

Былтыр сот банктің талап арызы негізінде жауапкерлердің жалпы құны 2 миллиард 627 миллион теңге болатын мүлкіне шектеу қойған болатын. Бұғатталған активтер қатарында «Ойл Снаб», «HILL Resources», «HILL Invest» және «AvtoTechMas Ltd» серіктестіктерінің мүлкі бар. Егер тараптар медиациялық келісімге келсе мүлікке салынған тыйым алынуы мүмкін.

Дулат Қожамжаров еліміздің бұрынғы Бас прокуроры әрі қаржы полициясының экс-басшысы Қайрат Қожамжаровтың туған інісі. Қайрат Қожамжаровтың өзіне қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және ақша жылыстату күдігімен тергеу басталғаны белгілі. Соңғы рет бұқаралық ақпарат құралдарында оның Мәскеуде жүргені туралы суреттер жарияланған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий