Қайын атасы келінін зорлады деген күдікпен қамалды: Ақтөбеде сұмдық жағдай болды

07.11.2025 10:15 Әсел Мұрат
Қайын атасы келінін зорлады деген күдікпен қамалды: Ақтөбеде сұмдық жағдай болды
0
143

Ақтөбе облысы Алға ауданының Бесқоспа ауылында 22 жастағы келіншек өгей қайын атасынан зорлық көргенін айтып, полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға келін мен қайын атасы бірге тұратын үйде болған. Ресми мәлімет бойынша, шағым 29 қазан күні түскен. 

Қазір істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Полиция Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық істі жан-жақты, әрі бейтарап тергеуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, жәбірленуші келіншектің екі баласы бар: үлкені – үш жаста, ал кішісі – қырқынан енді ғана шыққан.

Оқиға күйеуі үйде болмаған уақытта болған. Қазір келіншекке психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Күдікті – 53 жастағы енесінің күйеуі. Енесі бірінші жолдасы қайтыс болғаннан кейіннен екінші рет тұрмыс құрған. Яғни, келіншектің туған қайын атасы емес. Бірақ сол үйге келін болып түскен. Бәрі бірге тұрған.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий