“Қазақ деген ұлт жоқ”: Қырғыз философының мәлімдемесі дау туғызды
Қырғыз жазушысы әрі философы Тұрысбек Мадылбайдың Орталық Азия халықтарының тарихына қатысты айтқан пікірі әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қоғамда қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сұхбат барысында ол ежелгі дәуірлерде қазіргі Орталық Азия аумағында қырғыздар үстемдік еткенін айтып, сол кезеңде қазақ және өзбек халықтарының болмағанын мәлімдеген. Сонымен қатар, тарихшы көне карталарда қазақ атауы кездеспейтінін және кейбір тарихи құжаттарда қазақ жүздері «қырғыз ордасы» ретінде көрсетілгенін алға тартқан.
Мадылбай Қазақстанды Кеңес Одағы кезеңінде құрылған «жасанды мемлекет» деп сипаттап, Қырғыз қағанаты дәуірінде өңірде тек қырғыздардың ықпалы болғанын айтқан.
Алайда оның бұл пікірлері әлеуметтік желі қолданушылары мен бірқатар тарихқа қызығушылық танытқан азаматтардың сынына ұшырады. Көпшілік мұндай тұжырымдарды тарихи деректерге қайшы келеді деп бағалап, оны тарихты бұрмалау әрекеті ретінде қабылдады.
Қазіргі уақытта тарихшының мәлімдемесі қоғамда әртүрлі көзқарас туғызып, қызу талқыланып жатыр.
Соңғы жаңалықтар