Қазақ эстрадасының жұлдыздары Жанболат пен Жазира әріптестері Кенжебек Жанәбіловпен құда болды

23.03.2026 09:23 Арман Ермеков
Қазақ эстрадасының жұлдыздары Жанболат пен Жазира әріптестері Кенжебек Жанәбіловпен құда болды
305
Фото: Бейнеден кадр

Әнші Жазира Байырбекова жалғыз ұлының қалыңдығына сырға салып, өнердегі әріптесі Кенжебек Жанәбіловпен ресми түрде құда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ел арасында Жанболат пен Жазираның болашақ келіні әнші Кенжебектің балдызы екені туралы тараған қауесет осылайша шындыққа айналды. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалардан Жанәбіловтің жаңа құдаларын өз шаңырағында күтіп алып, дастарханға төрлетіп, сырға салғанын байқауға болады.

Бұл тойға қатысты эстрада жұлдызы өз оқырмандарымен жазбада бөлісті.

«Аллаға шүкір, бүгін - жүрегімізді қуанышқа бөлеген, ерекше бақытты күніміз. Қазақтың салт-дәстүрімен, ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл - екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі. Алла тағала осы қуанышымызды баянды етіп, жас жұбайлардың отауына махаббат пен береке нәсіп етсін. Тіл-көзден сақтасын», - деп жазды Жазира Байырбекова.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий