«Қазақ өзін ешқашан «көшпенді» деп атамаған» — Қойшығара Салғараұлы

«Қазақ өзін ешқашан «көшпенді» деп атамаған» — Қойшығара Салғараұлы
03.09.2025 12:27
0
98
Фото: Видеодан кадр

Қазақтың шығу тегіне байланысты зерттеу жүргізіп жүрген Қойшығара Салғараұлы тың ақпараттар айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Qasqa Jol YouTube арнасына филология ғылымдардының кандидаты, ғалым Қойшығара Салғараұлы келіп сұхбат берді. Ол сөз басын Абайдың 180 жылдық мерейтойының 10 күн аталып өткенінен бастады. Ғалым тойдың басы-қасында болмағаннан кейін түпкілікті бір әңгіме айту қиын екенін, бірақ тойды 3 күн өткізсе де шын мәнінде Абайды тануға, білуге арнау керек деп топшалайды. Сонымен қатар Қойшығара Салғараұлы ел-елде ата-бабаға арналған ас беру тойларына да қарсы емес екен. 

"Ол кім, қай рудан, елге қандай еңбегі сіңді, бұл біздің тарихымыз. Біздің халқымыздың өткен жолы. Әлеуметтік желіге қарасаң, бір ру бір румен жарысып, бәсекелестік үшін жасалып жатқан сияқты. Оның орнына атасының заманын көрсетуі керек деп ойлаймын. Тегін адамның есімін ел ардақтамайды", - деді ол. 

Ғалым Батысқа еліктеп жатқандарға нақты жауап берді. Олардың өсуі, өнуі, дамуы басқа бағытта екенін айтып, оларға еліктеу жақсыға алып бармайтынын мәлімдеді. 

Сонымен қатар, сұхбат барысында Қойшығара Салғараұлы қазақтарды өзге елдің “көшпенділер” деп атауына тоқталды. 

“Грекше “номад” деген сөз көшпенділер деген сөзге жақын болғанға, бізді номад деп атады. Кейін орыстар өз тарихын жаза бастағанда осы сөзді “көшпелі” деп аударды. Қазақ ешқашан өзін көшпелі деп атамаған. Ондай ұғым болмаған. Бірақ біз тарихымызды жазарда орысқа негізделіп жаздық, сонда бір аудармашы “көшпенді” деді, бірі “көшпелі” деді. Қазір осы екі атау жарыса аталып келе жатыр», деді ғалым. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий