Қырғызстанда тауда қалып қойған ресейлік альпинист туралы маңызды ақпарат шықты

03.09.2025 11:20 Admin Admin
Қырғызстанда тауда қалып қойған ресейлік альпинист туралы маңызды ақпарат шықты
0
371
Фото: Видеодан кадр

Қырғызстанның альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті Эдуард Кубатов ресейлік альпинист Наталья Наговицына қаза тапқанын растады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

2 қыркүйекте «Оңтүстік Энилчек» базалық лагерінен дронның көмегімен екі мәрте шолу жүргізілді, алайда Наталья Наговицынадан тіршілік белгісі анықталған жоқ. Осыған байланысты барлық құтқару операциясы ресми түрде тоқтатылды. 

 

Сондай-ақ ол Жеңіс шыңының тарихында 7200 метр биіктікте сәтті құтқару операциясы тіркелмегенін атап өтті. Барлық бейнематериал енді альпинистің ұлына табысталмақ.

Еске салайық, ресейлік альпинист Наталья Наговицына сынған  аяғымен 7 мың метрден астам биіктікте қалып қойды. 23 тамызда Қырғызстан құтқарушылары ауа райының нашарлауына байланысты альпинисті іздестіру операциясын тоқтатқан еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий