QazaqGaz және NCOC жаңа газ өңдеу зауытының құрылысын талқылады

QazaqGaz және NCOC жаңа газ өңдеу зауытының құрылысын талқылады
10.02.2024 17:33
0
105
QazaqGaz ұлттық компаниясы мен NCOC ГӨЗ құрылысы мен сұйытылған мұнай газын коммерцияландыру туралы талқылады.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ, NCOC және Солтүстік-Каспий жобасының мердігерлік ұйымдары басшылары Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылыс барысы, Қашаған газын өңдеу бойынша әлеуетті жобаларды жүзеге асыру мен мұнай газын коммерцияландыру туралы талқылады», – делінген компания хабарламасында.
Кездесуге QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен NCOC басқарушы директоры Оливье Лазар қатысты. Тараптар Қашаған кен орнын дамыту бойынша ынтымақтастықтың келешегі мен ағымдағы жай-күйін қарастырды.
«Бүгін сұйытылған мұнай газын коммерцияландырудың одан арғы кезеңдері туралы келісімдерге қол жеткізілді. Соңғы инвестициялық шешім жақын арада қабылданатынына сенімдімін», – деді Санжар Жаркешов.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Солтүстік Каспий жобасының мердігер компаниялары сұйытылған мұнай газын сатудың негізгі шарттарын талқылауды бастады. Айта кетейік, Энергетика министрлігі 2025 жылдың соңы мен 2026 жылдың басынан бастап Қашаған кен орнындағы сұйытылған мұнай газының жаңа көлемінің операторы ретінде «QazaqGaz» компаниясын бекіткен. Айта кетейік, KEGOC пен QazaqGaz компаниясы жекешелендіру жоспарынан шығарылған. Үкімет 11 қаңтарда «2021 – 2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулыға тиісті өзгерістер енгізілген.
 «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» және «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы» деген бөлімдер алып тасталсын», – делінген қаулыда.
Үкіметтің жоспары бойынша, 2024 жылы – Air Astana, 2025 жылы – QazaqGaz бен «Қазақстан Темір Жолының» 5%-ға дейін акциялары IPO/SPO-ға шығуы тиіс еді.
«Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. «Самұрық-Қазына» қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек. Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. QazaqGaz кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс», – деген президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Алматы Жылу электр орталықтарын газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «QazaqGaz «ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» ұйымы газ инфрақұрылымы құрылысының екінші кезеңін іске асыруды бастаған. Осылайша, «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды.
«Ұзындығы 62,4 км-ды құрайтын «Алматы-Байсерке-Талғар» Магистральды газ құбырының екінші желісі тұтынушыларға, 2-ші ЖЭО және 3-ші ЖЭО-на табиғи газдың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қолданыстағы газ құбырында штаттық жағдайлар орын алғанда қолдау болады», – делінген ақпаратта
Бұдан бөлек, аталған газ құбыры Алматы қаласын «Талғар» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы толықтай газбен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қолданыстағы газ тарату станцияларының жұмысын тоқтатпай, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбырының бірінші желісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или